Accessibility links

Бүгін Абхазияда президент сайлауының екінші туры өтеді


Бүгін Грузияның сепаратистік Абхазия республикасында жаңа президент сайлауы өтеді. Сайлаудың 3 қазанда өткен турындағы негізгі екі үміткер Сергей Багапш пен Рауль Хаджимба енді дауысқа бір команда болып түсуде – Багапш президенттікке, Хаджимба вице-президенттіке. Бірінші турда 500 дауыс жинаған Якуб Лакоба – бүгін дауысқа түскен екінші үміткер. Сергей Багапш өзін 3 қазандағы сайлаудың жеңімпазы деп жариялағаннан кейін Абхазияда саяси дағдарыс етек алды.
XS
SM
MD
LG