Accessibility links

А.Аллауи (Ирақ): “Қауіпсіздік ахуалының тым нашарлауына байланысты кейбір ауданында сайлауды кейінге қалдыруға тура келеді


Қауіпсіздік ахуалының тым нашарлап кетуіне байланысты Ирақтың кейбір ауданында сайлауды кейінге қалдыруға тура келеді, деп санайды Ирақтың уақытша премьер-министрі Айад Аллауи. Оның атап көрсетуінше, үкімет Ирақтың бірқатар өлкесіндегі жергілікті және діни көсемдерін халықты сайлауға қатысуға шақыруын өтініп үндеу жолдамақ. Кеше Айад Аллауи, сонымен бірге, осы жылдың соңына қарай армия қатарын 100 мыңнан 150 мыңға дейін ұлғайту жоспарын жариялады. Ирақтың уақытша сыртқы істер министрі Хошияр Зибари үкіметтің сайлауға байкот жариялауға шақырған кейбір партиямен, бірінші кезекте сүнни мұсылмандарының партиясымен кездесуді жоспарлағанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG