Accessibility links

Израиль премьері М.Аббасты Палестина президенті болып сайлануымен құттықтады


Израиль премьер-министрінің орынбасары Шимон Перес Палестинамен арадағы бейбіт келіссөзді қайта жалғастыруға шақырды. Кеше Иерусалимде Фарда Радиосының тілшісіне берген сұхбатында Ш.Перес: “Мен палестиндіктермен келіссөзге отыруымыз керек деп ойлаймын. Юнилатералити (Unilaterality) – палестиндіктерсіз жүзеге аспайды. Ерте ме, кеш пе, біз олармен әңгімені бастауымыз керек”, -деп мәлімдеді. Оның алдында Израиль премьері Ариэль Шарон Махмуд Аббасты телефон соғып Палестина президенті болып сайлануымен құттықтады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG