Accessibility links

Януковичтің наразылық шағымы бірнеше күн ішінде берілетін болады


Украинаның бұрынғы премер-министрі В. Януковичтің өкілі сайлаудың үшінші туры туралы, Орталық сайлау комиссиясының В. Ющенконы жеңіске жетті, деп жариялаған ресми нәтижесіне деген наразылық шағымын Жоғарғы сотта бірнеше күн ішінде тіркейтін боламыз, сәл кешігіп жатыр деп айтқан. Янукович 26 желтоқсанда өткен қайта дауыс берулер барысында да бұрмалаушылық пен көзбояушылық орын алды деп, бірнеше рет арызданған болатын, алайда Жоғарғы сот оның барлық шағымдарын қанағаттандырмай келген еді. Кеше Янукович Киевте өткізілген баспасөз-мәслихатында Европаның адам хұқтары сотына арызданамыз деген болатын. Алғашқыда Янукович қарашада өткен бірінші сайлауда жеңіске жетті деп жарияланған, кейіннен Ющенконың жақтастары қаншама күндер Киевтің орталық алаңында наразылық танытқан соң, ол шешімді Жоғарғы сот жарамсыз деп тапқан болатын. Енді Янукович те барлық арыз-шағымдар қанағаттандырылмайынша, сайалу нәтижесі заңды деп танылмасын деген талап қойып отыр. Басқа хабарларға қарағанда, бүгін Украина парламентінің жоғарғы палатасы Ирақтағы Украина әскерлері шығарылсын деген президент жарлығын мақұлдаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG