Accessibility links

Абхазияда президент сайлауында қайта дауыс берулер басталды


Бұдан бұрынғы сайлауда бәсекелес болған басты екі кандидат бұл жолы да сайлау бюллетенінде қатар тұр. Сергей Багапш қайтадан президенттікке түсіп жатса, оның бұрынғы бәсекелесі Раул Хаджимба енді вице-президенттіктен үміткер. Олардың қарсыласы бірінші сайлауда 500 дауыс жинаған Якуб Лакоба. Өткен жылғы 3 қазанда болған сайлаудан кейін, Абхазияда дағдарыс орнаған болатын. Ол сайлаудағы дауыс нәтижесін қайта санап шыққаннан кейін, Багапш жеңімпаз деп жарияланғанымен, Хаджимба онымен келіспей, дау туғызған. Абхазияның қазіргі президенті Владислав Ардзинба да Багапштың жеңісін мойындағысы келмеген болатын. Екі бәсекелес Мәскеу Абхазияға эконоимкалық санкциялар саламыз деп ескерткеннен кейін ғана бір мәмлеге келген болатын.
XS
SM
MD
LG