Accessibility links

Цунами зардабын шеккен елдердің қарыздарына мораторий жарияланбақшы


Францияның қаржы министрі Херв Геймард бүгін француз астанасында өтетін бас қосу барысында әлем елдерінің жетекшілері Оңтүстік- шығыс Азиядағы цунами апатына тап болған елдердің қарыздарын төлеуге мораторий жариялауға келісімге келеді деген. Геймард бұны бүгін Францияның Халықаралық радиосы арқылы сөйлеген сөзінде айтқан. Франция астанасында бүгін әлемдік 19 несиегер елдің өкілдері кездесуде. Геймард Париж клубының мүшелері мен Үлкен жетілік елдері мораторийді қолдауға дайын екендіктерін білдірді деген. 26 желтоқсанда Индонезияның Суматра аралында су астында болған қатты жер сілкінісінен кейін орын алған дүлей толқындар- цунами апатында сол маңайдағы 10 мемлекеттен кемінде 156 мың адам опат болған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG