Accessibility links

Р.Баучер: “Мәскеудің “Искандер” зымыранын Дамаскіге сату жоспарына Вашингтон қарсы”


Вашингтонда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлмен келіссөзі барысында Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Иванов: “Мәскеу “Искандер” зымыранын сату жөнінде Сириямен ешқандай келіссөз жүргізіп жатқан жоқ”, -деп мәлімдеді. Ресей баспасөзінің хабарлауынша, ондай зымырандармен Сирия Израильге соққы бере алатын көрінеді. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Ричард Баучер сәрсенбі күні Мәскеудің “Искандер” зымыранын Дамаскіге сату жоспарына Вашингтон қарсы деп мәлімдеді. 24 қаңтар күні Сирия президенті Башар Әл-Ассад ресми сапармен Ресейге баруға тиіс.
XS
SM
MD
LG