Accessibility links

“Париж клубы” Оңтүстік Азия елдеріне берешектерін өтеуді кейінге қалдырады


Несие беруші елдердің “Париж клубы” 26 желтоқсандағы табиғат апатына душар болған Оңтүстік Азия елдеріне берешектерін өтеуді кейінге қалдырады. Сәрсенбі күні аталмыш клубтың Парижде өткен бас қосуында осындай шешім қабылданды. Бұл шешім кем дегенде 1 жыл күшінде болады. Сейсенбі күні Женевада болып өткен халықаралық конференцияда әлем қауымдастығы Оңтүстік Азия елдеріне 4 млрд. доллардың көмегін бөлуге міндеттенді. Қазірдің өзінде 700 млн. доллардың көмегі бөлініп қойды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG