Accessibility links

С.Иванов (Ресей): “Мәскеу В.Ющенконың үкіметімен де бұрынғыдай қарым-қатынасын жалғастырады”


АҚШ-та сапарда жүрген Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Ивановтың мәлімдеуінше, Мәскеу Украинаның мерзімі аяқталған президенті Леонид Кучманың үкіметімен қандай ынтымақтастықта болса, жаңа сайланған президент В.Ющенконың үкіметімен де сондай қарым-қатынасын жалғастырады. Ресей министрі Украинадағы сайлауды тарихтың үлесіне қалды деп бағалап, президент міндетіне кірісімен В.Ющенко өзінің ең алғашқы шетелдік сапарын Мәскеуден бастауға міндеттенген деп атап көрсетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG