Accessibility links

Дж.Буш (АҚШ): “ядролық қаруды іздестіру (Ирақта) біраз уақыт бұрын тоқтатылды”


АҚШ президенті Дж.Буштың мәлімдеуінше, Ирақта ешқандай ядролық қарудың ізі табылмаса да, оған қарсы соғыс қимылдарын бастау өте керек болды. АҚШ-тың ABC News телекомпаниясына берген сұхбатында Дж.Буш Америка және әлемдегі өзге елдер де Саддам Хусеиннің режимінде жойқын қару деп сенді деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, барлау мәліметтерінде нендей қате кеткенін әлі тергеу керек. Саддам Хусеин қауіпті болды, онсыз әлемнің қауіпсіздігі нығайды деп толықтырды өз ойын Дж.Буш. Сәрсенбі күні ол Ирақтағы қаруды іздестіру жұмыстарының тоқтағанын мойындады. Ядролық қарудың болуы - Ираққа қарсы соғыс қимылдарын бастаудың ең басты себебі болатын..
XS
SM
MD
LG