Accessibility links

Өткен жылы Ресейден шетелдерге 7.8 млрд. доллар капитал шығарылды


Кеше Ресейдің Орталық банкі мәлімдегендей, өткен жылы Ресейден шығарылған капиталдың көлемі 2003 жылмен салыстырғанда 4 есеге дерлік ұлғайған. Орталық банктің есебі бойынша, өткен жылы елден 7.8 млрд. доллар шетелге шығарылған болса, 2003 жылы – 2 млрд. доллардан кем капитал сыртқа шығарылды. Сарапшылардың ортақ пікірінше, капиталдың Ресейден кетуіне елдегі инвестициялдық ахуалдың нашарлауы, атап айтқанда, “ЮКОС” мұнай компаниясының төңірегіндегі жанжал түрткі болуы ықтимал.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG