Accessibility links

АҚШ Сербия-Черногорияға тағы 10 млн. долларлық көмегін бермейді


АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Сербия-Черногорияға оның әскери қылмыстар бойынша Гаагадағы халықаралық сотпен ынтымақтасудан бас тартуына орай тағы 10 млн. долларлық көмегін бермейтінін мәлімдеді. Өткен жылы да дәл осы себеппен Вашингтон Белградқа 16 млн. долларлық көмегін бермей қойған болатын. Мемлекеттік департамент Сербия үкіметін Босниядағы соғыс кезінде сербия күштеріне басшылық еткен әскери қылмыскер Ратко Младич сынды қашқындарды тұтқындап, Гаагадағы соттың қолына беруге шақырды. АҚШ Сербия-Черногорияға бас-аяғы 73 млн. доллардың көмегін бөлуді жоспарлаған-ды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG