Accessibility links

В.Януковичтің шағымы Жоғарғы сотта қаралып болғанша, В.Ющенко президент міндетіне кірісе алмайды


Бүгін Украинаның бұрынғы премьер-министрі әрі президенттікке үміткер В.Януковичтің көмекшілері оппозиция лидері В.Ющенко жеңіске жеткен сайлаудың нәтижесін даулап Жоғарғы сотқа тағы бір шағымын беруді жоспарлап отыр. Януковичтің сайлау штабының жетекшісі Тарас Черновил жаңа шағым сайлау барысында болған заңсыздықтарды дәлелдейтін 600 беттік текстен, суреттерден және 240-тан асатын бейнежазбадан тұратынын хабарлады. Дүйсенбі күні В.Ющенконың президент болып сайланғаны ресми түрде жарияланды. Бірақ В.Януковичтің шағымы Жоғарғы сотта қаралып болғанша, ол президент міндетіне кірісе алмайды. Бұған дейін Украинаның Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғарғы соты В.Януковичтің бірнеше арызын қанағаттандырмай қайтарған болатын.
XS
SM
MD
LG