Accessibility links

К.Пауэлл (АҚШ): “Егер Ирақтағы сайлауға сүннилер түгел қатыспаса, ол елдегі көтерілісшілердің жеңісі болып табылады"


Бейсенбі күні Бағдадтағы қонақ үйге жасалған шабуыл мен автобомбаның жарылысынан Ирақтың 10 азаматы мен 2 АҚШ жауынгері қаза болып, партизандар 1 түрік кәсіпкерін байлап алып кетті. АҚШ-тың 2 әскери теңізшісі Ирақтың Әл-Анбар өлкесіндегі қақтығыста оққа ұшты. Шийт мұсылмандарының рухани жетекшісі аятолла Әли Ас-Систанидің көмекшілері шийттерді оның жақын үзеңгілесі Махмуд Әм-Мадайнидің өлімі үшін кек қумауға шақырды. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлдің пікіріше, егер Ирақтағы сайлауға сүннилер түгел қатыса алмаса, онда ол елдегі көтерілісшілердің жеңісі болып шығады.
XS
SM
MD
LG