Accessibility links

Солтүстік Корея келіссөздерді қайта бастамақшы


Солтүстік Корея бүгін алты мемлекетпен өзінің ядролық бағдарламсы жөніндегі келіссөздерді қайта жаңартамыз деп жариялады. Солтүстік Кореяның КСНА ресми ақпарат агенттігі "Егер елдің ішкі істеріне араласпайтын болса, Пхеньян АҚШ-ты өзінің досы ретінде қарайды" деп хабарлаған. Мұндай мәлімдемелер АҚШ делегациясы Солтүстік Кореяда болып, екінші дәрежедегі жетекші Ким Янг Наммен кездескеннен кейін жасалып отыр. Солтүстік Корея өткен жылдың қыркүйек айында АҚШ-пен қатар Оңтүстік Корея мен Жапония, Ресей, Қытай қосылған жоспарлы келіссөздердің төртінші кезеңіне бойкот жариялаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG