Accessibility links

Украинаның бұрынғы үкімет басы Виктор Януковичтің арызы Жоғарғы сотта тіркелді


Виктор Ющенко жеңіске жетті деген сайлау қорытындысына қарсы оның бәсекелсі болған Януковичтің қайталап берген шағым арызын бүгін Жоғарғы сот тіркеген. Януковичтің сайлау компаниясын ұйымдастырушы Тарас Чорновил жаңадан берілген арызда сайлау заңдылықтарының бұзылғаны жөнінде 600-дей дерек, сурет пен 240 видеотүсірілім бар деген. Ющенко дүйсенбі күні 26 желтоқсанда өткен қайта сайлаудың жеңімпазы деп ресми жарияланған-ды, алайда Януковичтің талап-арыздары толықтай қаралмайынша, ол президент міндетіне кірісе алмайды.
XS
SM
MD
LG