Accessibility links

Өткен тәулікте Ресейдің Дағыстанында заңсыз қарулы топпен болған атысу шайқастары кезінде 4 орыс офицері қаза тапты


Аудандық полиция бөлімінен Абдул Мұсаевтің айтуынша, Каспийск қаласындағы бір үйге жасалған шабуыл кезінде 3 полиция сақшысы мерт болған. Қарулы топтан біреуі қаза тауып, екіншісі тұтқындалған. Тағы біреуі қашып құтылған. Сондай-ақ Махачқала маңайындағы бір үйде 5 әсірешіл қаруылы топқа жасалған шабуыл кезінде Алфа тобынан бір сарбаз қаза тапқан, 2-шісі жараланған. Кешке қарай шақырылған танк ол үйді жермен жексен қылған. Дағыстан ішкі істер министрлігі ол экстремистер Махачқалада терорлық шабуыл жасамақ болған дейді.
XS
SM
MD
LG