Accessibility links

Абу Ғрайыб мәселесіне орай Гранер 10 жылға кесіліп отыр


АҚШ әскери соты солдат Чарльз Гранерді 10 жылға бас бостандығынан айырды. Оның себебі Ирақтағы Абу Ғрайыб түрмесінде орын алған заңсыздықтардағы оның рөлі басым болып тұр. 2004-ші жылдың көктемінде пайда болған, сол түрмеден түсірілген суреттерде ол небір қолайсыз көрініспен пайда болған-ды. Алғаш оған 15 жыл кесілуі мүмкін еді. Түрмедегі 10 жылдық жазасын өтегеннен кейін Гранер АҚШ әскері қатарынан шығарылатын болады. Оның анасы Ирма Гранер баласын қорғап, журналистерге айтқан сөзінде баласы жоғары лауазымды офицерлердің айтқанын орындағаны үшін жазаланды. Кінәлілер болса әлі жауапқа тартылған жоқ, дегенді айтты. “Ол өзіне айтылғанды орындағаны үшін 10 жыл алып отыр”, деді Ирма Гранер ханым.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG