Accessibility links

Мәскеуге ресми сапары барысында Н.Назарбаев В.Путинмен қазақ-орыс шекарасы туралы келісімге қол қояды


Қазақстан президенті Н.Назарбаев бүгін 2 күндік ресми сапармен Мәскеуге ұшып келеді деп жобалануда. ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, сапар барысында Н.Назарбаев пен В.Путин 7.5 мың шақырымды құрайтын қазақ-орыс шекарасын белгілеу туралы келісімге қол қояды. Екі ел арасынгдағы шекара және отын-энергетика мәселелерін талдасу үшін Қазақстан мен Ресей лидерлері Алматыда өткен аптада ғана бас қосқан болатын. Қазақстан мен Ресей – ТМД кеңістігіндегі стратегиялық әріптестер болып табылады, өткен жылы Астана мен Мәскеу арасындағы сауда айналымы 50 пайызға жуық ұлғайып, 7.5 млрд. долларды құрады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG