Accessibility links

Израиль премьері А.Шарон армияға Газа аймағында толық еркіндік берді


Газа аймағында палестиндік босқындардың Хан Юнис лагерінде израильдік танктің оғынан бір тұрғын үй қирап, бір ана мен сәбиі құрбан болды. Оның қарсаңында, кеше, Палестинаны азат ету қозғалысы - ФАТХ-тың Атқару комитеті экстремистерді израильдіктерге қарсы шабуылдарын тоқтатуға шақырды. Үндеуде ондай шабуылдар палестиндіктердің өздеріне кесір болып тиіп, Израильді қатаң шараларға мәжбүрлейтіні атап көрсетілді. Ал одан бұрын Израиль премьері еврей армиясына Газа аймағындағы экстремистерге қарсы кез-келген соғыс операциясын қолдануына рұқсат берді. Оның мәлімдеуінше, “Хамас” және “Ислам джиһады” сынды топтарды ауыздықтау үшін Палестина билігі еш әрекет жасамай отыр.
XS
SM
MD
LG