Accessibility links

Ирақта сайлау алды шабуылдар барысында бүгін 23 адам қаза болды


Беижи қаласында полиция бекеті алдына қойылған көліктегі бомбалық жарылыс кесірінен бүгін кем дегенде 8 адам қаза болған. Рамади қаласында 4 адамның майіті табылған. Бүгін таңертең сондай-ақ, Бухриз қаласына жақын маңдағы бақылау-өткізу бекетінде қарулы адамдар Ирақ солдаттарына қарай оқ жаудырған. Оның барысында кем дегенде 8 адам қаза болғанға ұқсайды. Негізгі шабуыл нысанасына Ирақ полиция бекеттері мен Ұлттық жасақ солдаттары айналып отыр. Сайлаулардың алты айға шегерілуіне Ирақ басшылығы қарсы болып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG