Accessibility links

БҰҰ-ы: “1994-2003 жж. табиғат апаттары 2.5 млрд. халықты қамтып, 478 мың адам құрбан болды”


Күншығыс елінің Кобэ қаласында БҰҰ-ының табиғат апаты салдарының алдын-алу тақырыбына арналған халықаралық конференция өз жұмысын бастайды. Бұл форум 6 мың адамның қазасына себеп болған Кобэ қаласын қиратқан зілзаланың 10 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр. Халықаралық форумның қарсаңында БҰҰ-ы соңғы 10 жылдағы табиғат апаттарының саны одан бұрынғы онжылдықтан 60 пайызға артып, 2.5 млрд. халық мекендеген аумақты қамтығанын хабарлады және оның есебі бойынша, 1994-2003 жж. аралығындағы жер сілкінісі, су тасқыны сынды апаттардан 478 мың адам құрбан болған.
XS
SM
MD
LG