Accessibility links

Дж.Кэйси (АҚШ): “30 қаңтардағы сайлаудың қауіпсіздігін Ирақ пен коалициялық күштердің 300 мыңға жуық қолы күзетеді”


Кеше Ирақтың Мосул қаласында экстремистер жергілікті католик шіркеуінің архиепископы Базиль Жорж Касмуссаны байлап алып кетіп, Ватикан оны “террористік шара” деп бағалап, дереу босатуды талап етті. Кеше Ирақтың бірнеше қаласында түрлі шабуыл мен қастандық жүзеге асырылып, кем дегенде 20 кісі, негізінен Ирақ армиясының жауынгерлері мен полиция қызметкерлері қаза болды. Ирақтағы АҚШ армиясының қолбасшысы Джордж Кэйсидің атап көрсетуінше, 30 қаңтардағы сайлаудың қауіпсіздігін Ирақ пен коалициялық күштердің 300 мыңға жуық қолы күзетеді. Соған қарамастан сайлау күні қантөгістің болатынын АҚШ генералы жоққа шығармайды. Шетелдерде тұратын 1 млн-ға жуық Ирақ азаматы дауыс беру үшін кеше тіркеле бастады.
XS
SM
MD
LG