Accessibility links

Қырғызстан президентінің қызы парламент депуттағына үміткер деп тіркелді


Қырғызстан президентінің қызы Бермет Ақаева бүгін парламенті депуттағына үміткер деп тіркелді. Берметті Қырғызстан ұлттық университетінің бір топ оқушысы өткен аптада ұсынған. Қырғызстан парламенті 27-шы ақпанда сайланбақ. Ал оппозиция басшысы Роза Отынбаеваны сайлауға тіркеу мәселесін Жоғарғы сот бүгін қарап, оның талабын қайтарып тастады. Роза Отынбаева алғашында тіркелген, алайда орталық сайлау комиссиясы түсініксіз сылтаумен тіркеу шешімін бұзып тастады. "Атажұрт" ұйымы мұны саяси қудалау деп тапты. Роза Отынбаева енді Конституциялық сотқа шағымданбақ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG