Accessibility links

Назарбаев және Путин Мәскеуде бір қатар келісімге қол қойды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Ресей президенті Владимир Путин бүгін Мәскеуде бір қатар келісімге қол қойды. Шекара белгілеу келісіміне қол қойылды, Каспий теңізіндегі көлем жағынан екінші қазақстандық мұнай алаңын бірігіп игеру келісіміне қол қойылды. Ғарыш серіктестігі жайындағы келісімге қол қойылды. Назарбаев жер бетіндегі ең ұзын шекараны белгілеуді алты жыл талқыладық деді. Путин сарапшылар келісе алмаған жағдайларды шеше білдік, қажет болған жағдайда екі тарапқа тиімді жолдарын таптық деді. ТМД шеңберінде ресей қару-жарағын төмен бағамен сатып алу келісіміне де қол қойылды.
XS
SM
MD
LG