Accessibility links

Украина Жоғарғы соты бүгін Януковичтің арыз-шағымдарын қарауды аяқтайды


Сот президенттік сайлаудағы қайта дауыс беруде Ющенкодан жеңіліс тапқан бұрынғы премер-министр Виктор Януковичтің арыздарын қарап, талықлауды аяқтауға тиіс. Кеше сот ресми газеттердің 26 желтоқсанда өткен соңғы дауыс беру нәтижесін бейсенбіде жариялауға мұрсат етті. Талдаушылар болса, бұл Ющенконың жолы ашылуына жасалған негізгі қадам деп айта бастады. Янукович соттың обьективтілігіне күмән келтіруде. Кеше Украинаның оңтүстігі- Донецкіде Януковичтің мыңдаған жақтастары шеруге шықты. Янукович қарашада өткен алғашқы сайлауда жеңімпаз деп жарияланғанымен, Жоғарғы сот ол шешімді бұрмалаушылықтар болды деп, жарамсыз деген шешім шығарған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG