Accessibility links

Болашақ сыртқы істер министрі АҚШ сенатының сұрақтарына жауап беруде


Бұл қызметте Колин Пауелді алмастыратын Кондолиза Райсқа сенат мүшелерінің Ирақ, Иран, Таяу шығыс, Солтүстік Корея, Балкан елдері төңірегіндегі бірқатар халықаралық мәселелер бойынша қойған сауалдарына жауап берді. Райс президент Буштың 11 қыркүйектен кейінгі қимыл-әрекеттерін қорғап сөйледі. -2001 жылдың 11 қыркүйегі біздің еліміз және бүкіл әлем үшін айқындалатын сәт болды. Президент Буштың көрегендігі мен басшылығы арқасында біздің ұлт уақыт қиындығына қарсы тұрып, көтеріле алды.Зұлымдықпен, террормен күрес болашақ ұрпақ үшін еркіндік пен гүлденіп дамуды қамтамасыз ету үшін жүргізілді. Кондолиза Райс сенаттағы екі күндік тыңдаулардың алғашқысын Ирақ соғысын қорғауға арнады. Ол сондай-ақ Израил-Палестин жанжалын шешу, Иран мен Солтүстік Кореяның ядролық қару бағдарламаларын дамытуына жол бермеу мен Балканда тыныштық орнауына ықпал ету үшін халықаралық қауымдастықпен бірлесіп жұмыс істеймін деп міндеттенді. Кондолиза Райстың жасы елуде, ол өткен төрт жылда президент Буштың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі болып қызмет етті.
XS
SM
MD
LG