Accessibility links

Х.Р.Азефи (Иран): Иран Вашингтоннның “ойластырылмаған кез-келген шарасына тойтарыс беруге дайын”


Ресми Теһран Вашингтонды өзінің ядролық бағдарламасы бойынша ЕуроОдақпен арадағы келіссөзіне бөгет жасау мақсатында, соғыс ашу қатерін төндіріп отыр деп айыптады. Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Риза Азефидің бүгін жасаған мәлімдемесінде “ойластырылмаған кез-келген шараға Иран тойтарыс беруге дайын” деп Вашингтонды ескертті. Дүйсенбі күні АҚШ президенті Дж.Буш егер Вашингтон Теһранды оның ядролық бомба жасауға да болатын бағдарламасынан бас тартуға көндіре алмаса, оған қарсы күш қолдану мүмкіндігін жоққа шығара алмайтынын мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG