Accessibility links

Украинаның Жоғарғы соты президент сайлауының ресми нәтижесін баспасөз бетінде жариялауға рұқсат берді


Украинаның Жоғарғы соты бүгін президент сайлауының қорытындысын даулап жатқан В.Януковичтің шағымы бойынша өкім қабылдауға тиіс. Сайлауда жеңіске жеткен В.Ющенконың сұрауы бойынша сейсенбі күні сот сайлаудың ресми нәтижесін баспасөз бетінде 20 қаңтардан кешіктермей жариялауға рұқсат берді. Саяси шолушылардың пікірінше, бұл В.Ющенкоға таяу уақытта президент міндетіне кірісу рәсімі – инаугурациясын өткізуге мүмкіндік береді. В.Янукович өзінің барлық өтініш-шағымын қанағаттандырмаған Жоғарғы соттың әділдігіне күмән келтірді. Кеше оның Шығыс Украинадағы қолдаушылары аймақтардың құзырларын кеңейтуді талап етіп митингі өткізді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG