Accessibility links

Газа секторында Израил мен Палестиннің қауіпсіздік өкілдері кездесті


Кеше Израил премері Ариел Шарон Палестиннің жаңа басшысы Махмұд Аббаспен кездесуге қойған шектеуін алғаннан кейін, Израил мен Палестиннің қауіпсіздік өкілдері бас қосты. Ерез бақылау-өткізу бекетінде кездескен тараптар Израилды көздейтін зымырандар мен минометтер жарылыстарын болдырмаудың жоларын қарастырды деп хабарлаған Израилдың әскери радиосы. Шарон өткен аптада шабуылдаушылар алты израилдықты өлтірген соң, Махмұд Аббаспен ешқандай байланысқа бармаймын деген болатын. Аббас болса, бұл аралықта Ислам жихадының басты жетекшілерімен кездесіп, радикалды топтардың Израилға қарсы шабуылдарын тоқтатуын сұрады.
XS
SM
MD
LG