Accessibility links

Мұсылмандардың Құрбан айт мейрамы басталды


Меккедегі мыңдаған мұсылман баласы бүгін таңертеңгілік қажылықтың негізгі қорытынды шарттарының бірін өткере бастады. Олар Минадағы тас бағаналарға жеті тас лақтыру, шайтаннан аластау рәсімін жасауда. Тас бағаналар көзге шайтан бейнесі ретінде елестетіледі. Қажылық сапарында ғибадат етуші 2 миллион мұсылманның көпшілігі бұл рәсімді атқаруды бүгін кешке дейін аяқтайды. Кешке қарай олар Меккеге қайтып келіп, 1,5 шақырымдай жердегі қасиетті Қабаны қоршап, айналып жүретін болады. Мұнан соң құрбандық шалу рәсімі өткізіледі. Бейсенбіде күллі әлем мұсылмандары үш күндік Құрбан айт мейрамын тойлауды бастады.
XS
SM
MD
LG