Accessibility links

Пәкістан полициясы: Қазақ дипломатына жасалған қастандық -террор емес


Пәкістан полициясы басшысының көмекшісі Тахир Айуб кеше түні Исламабадта Қазақстан дипломаты Сапарғали Аубакировты үйінде белгісіз біреулердің атып, ауыр жаралап кеткені терроризммен байланысты болмауы мүмкін деген Рейтерс агенттігіне. Дәрігер Амжад Мехмуд басынан жараланған қазақ дипломаты ес-түссіз комада жатыр, оның жағдайы өте нашар, айығып кетуі екіталай дегенді айтқан. Оның халі өте төмен, біз қажет емді жасадық, енді оның жаны қалар, қалмасы әзір белгісіз. Аубакировты кеше таңертеңгісін қансырап жатқан жерінде үй күтушісі тапқан. Полицияның айтуынша, дипломаттың көлігі де жоқ болып шыққан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG