Accessibility links

Сенат комитеті Райсты бекітті


АҚШ сенатының сыртқы қатынастар комитеті Кондолиза Райсты мемлекеттік хатшы қызметіне көпшілік дауыспен бекітті. Енді Райстың кандиадтурасын сенаттың толықтай мақұлдауы қалды. Сенат мүшелері Райсқа екі күн бойына сұрақтар қойып, пікірлерін тыңдады. Кондолиза Райс 30 қаңтарда сайлау өткеннен кейін, Ирақтағы саясат тез белең алады деген ойларын айтты, бірақ ол ондағы АҚШ солдаттары қашан қайтады деген сауалға жауап бермеді, дегенмен де Ирақ мәселесінде кейбір нашар шешімдердің де болғанын мойындады. -Мен мұны бірінші болып тағы да қайталап айтамын, біз көп шешімдер жасадық, оның бірқатары жақсы болса, кейібірі мүмкін нашар болды. Менің ендігі үмітім, біз қайдан және қайда бара жатқанымызды ойлануымыз керек,-деген Райс. Оның айтуынша, АҚШ күштері соғыстан кейінгі Ирақтағы қатаң қайта құруларға дайын болмаған. Райс Саддам Хуссейінді кетіру жөніндегі шешім дұрыс болды деп атап көрсеткен.
XS
SM
MD
LG