Accessibility links

Виктор Ющенко Украина президенті деп біржолата танылды


Украинада бүгін президенттік сайлаудың ресми қортындылары жарияланды, Виктор Ющенко президент деп біржолата аталды. Жоғары сот Виктор Януковичтың соңғы арызын қайтарып тастады. Ющенко Януковичты 26-шы желтоқсандағы қайта сайлауда 8 пайыз артықшылықпен жеңді. Украина парламенті Ющенконың қызметке кіру салтанаты жексенбіде өтсін деп қаулы қабылдады. Виктор Янукович болса сотқа наразымын, Адам құқықтары жайындағы Еуропа сотына жүгінемін деді. Ал Виктор Ющенко келесі сейсенбіде Еуропа парламентінде сөйлемек, Украинаны Еуропа Одағына қосу жоспарын жарияламақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG