Accessibility links

АҚШ астанасында қауіпсіздік шаралары күшейтілді


Джордж Буш бүгін президент қызметіне екінші рет кіріседі. Осыған байланысты АҚШ астанасында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Полиция ондаған километрге созылатын темір қоршауларды қойды, астана орталығында 100 шақты квартал үйлердің жолы жабылды. Вашингтондағы рәсімге шамамен жарты миллион халық қатысады деп күтіліп отыр. Буш өз сөзінде Америкадағы бостандық басқа елдердегі бостандыққа тәуелді деп зейін қоймақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG