Accessibility links

Рэйчел Денбер: Ющенконың жеңісі адам хұқтарын құрметтеудің белгісі


Адам хұқтары тобы жексенбі күні болатын Ющенконың ант беру салтанаты Украинадағы адам хұқтары ұйымдарын құрметтеуге бастайтын жаңа мүмкіндіктер береді дейді. Нью-Йоркта орын тепкен Адам хұқтары ұйымы Ющенкоынң атына арнайы құттықтау хат жолдаған. Адам хұқтары ұйымының Европа жане Орта Азия елдері бойынша атқарушы директоры Рэйчел Денбер Ющенконың сайлануы адам хұқтарын құрметтеудің қаншалықты маңыздылығын көрсетті дейді. Украиндықтардың өз басшыларын өздері сайлауына билік ешқандай кедергі жасаған жоқ, олар бейбіт жиналыстарға шығып, өз пікірлерін еркін білдіре алды деп атап көрсетілген.
XS
SM
MD
LG