Accessibility links

Ющенконың инауграциясы жексенбі күні өтеді


Украина парламенті Викто Ющенконың президент ретінде ант қабылдайтын инауграция салтанатын жексенбіде өткізуге дауыс берді. Парламент шешімі Жоғарғы сот бұрынғы премьер-министр Януковичтің сайлау натижесін даулаған арыз-шағымдарын қанағаттандырмай кері қайтарғаннан кейін жасалды. Янукович Донецк қаласында өз жақтастарына арнап теледидардан сөз сөйлеп, олардың шатырлар қалашығын жинауларын сұрады:

-Жоғарғы сот ең жоғарғы құзырлы орын, біз оның шешіміне мойынұсынуымыз керек. Қымбатты достар, біз бүгін күрестің жаңа кезеңіне аяқ басамыз, ол үшін күрестің басқа шаралары керек. Сондықтан да мен сіздерден өтінемін, шатырлар қалашығын жинаңыздар, сөйтіп біз жаңа саяси күресті бастаймыз,-деген Янукович.

Украинаның биліктен кетіп бара жатқан президенті Леонид Кучма жане Ресей президенті Вл. Путин Виктор Ющенконы құттықтады. Ющенко инауграциядан бір күннен кейін, дүйсенбіде Мәскеуге барамын деді. Ющенконың ант беру салтанатына қатысамыз деп хабар берген шетелдік меймандар арасында АҚШ-ң мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл, Натоның бас хатшысы Яаап де Хуп Схеффер, Польшаның президнеті Александр Квасневский, Румыния президенті Трайан Базеску бар.
XS
SM
MD
LG