Accessibility links

Индонезия үкіметі мен Ачех өлкесіндегі көтерілісшілер Хельсинкиде өзара бейбіт келіссөз өткізбекші


Бүгін Финляндияның бұрынғы президенті Мартти Ахтисааридің бастаған халықаралық ұйымның кеңсесі Индонезия үкіметі мен осы елдің Ачех өлкесіндегі бүлікшілер Хельсинкиде осы аптада өзара келіссөз өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Бірақ бұл келіссөздің жай-жапсарын жарияламай отыр. Фин үкіметі бейбіт келіссөздің жоспарланғанын растады. Бүгін Индонезия үкіметі 174 мың адам құрбан болған Ачех өлкесіне қайырымдық көмек берудің алғашқы сатысы аяқталғанын жариялады.
XS
SM
MD
LG