Accessibility links

Украинаның жаңа президенті В.Ющенконың міндетіне кірісу рәсіміне 7 елдің президенті мен Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы қатысты


Осыдан бірнеше сағат бұрын Киевте Украинаның жаңа президенті В.Ющенконың міндетіне кірісу рәсімі – инаугурациясы болып өтті. Украина парламентінде өткен ол салтанатқа 40-тан аса ел мен халықаралық ұйымның ресми өкілдері – АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Пауэлді қоса 7 мемлекеттің президенттері, НАТО-ның Бас хатшысы, Ресейден Федерация Кеңесінің спикері, Қазақстаннан парламент мәжілісінің төрағасы О.Мұхамеджанов және т.б. келіп қатысты. В.Ющенко конституция мен көне дәуірдегі Евангелие кітабына ант берді. Оның ізінше Киевтің орталық алаңында жүздеген мың халықтың алдында В.Ющенконың “қоғамдық инаугурациясы” болып аяқталды. В.Ющенко – тәуелсіз Украинаның үшінші президенті.
XS
SM
MD
LG