Accessibility links

Индонезияда тағы бір жер сілкінісі болды


Бүгін Индонезияның Сулавеси аралында зор жер сілкініп, 1 кісі қаза тауып, екіншісі жараланды. Рихтер өлшемі бойынша қуаты 6.2 балға жеткен зілзаланың кіндігі Палу қаласынан 40 шақырым қашықтықта тіркелді. Жерасты қозғалысын Индонезияның Ачех сынды өзге өлкелері де сезінген. 26 желтоқсандағы табиғи апаттан әлі есін жинап үлгермеген кейбір елді-мекеннің халқы қатты дүрлікті. Тыңдаушылардың есіне сала кетейін, табиғи апаттың салдарынан соңғы дерек бойынша Оңтүстік Азия елдерінде 226 мың халық қырылды.

AzattyqTV

Әлеуметтік желіге шолу

"Қызықстанның нұрлы жолдары"

XS
SM
MD
LG