Accessibility links

Ә.Юнези (Иран): “АҚШ Иранға соғыс ашса - оның ең үлкен стратегиялық қатесі


Иранның сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Риза Азефи бүгін өткізген брифингінде АҚШ-тың Иранға шабуыл жасауы екіталай, ресми Вашингтонның “ядролық бағдарламасынан бас тартпаған күнде “Иранға қарсы ресми күш қолданылуы мүмкін” деген жуырдағы мәлімдемесін “психологиялық соғыс” деп бағалады. Оның атап көрсетуінше, Американың жүргізген саяси насихатының діңгегі – милитаризм, АҚШ-тың ұстанған үгіт-насихаты – осы милитаристік пиғылдан туады; оның құрамдас бір бөлігі, деп санайды Азефи, - психологиялық соғыс болып табылады. Иранның ақпарат министрі Әли Юнезидің мәлімдеуінше, егер АҚШ Иранға қарсы соғыс ашатын болса, ол оның ең үлкен стратегиялық қатесі болмақ.
XS
SM
MD
LG