Accessibility links

Белгілі иорданиялық лаңкес Ирақта 30 қаңтарда өтетін парламент сайлауына соғыс жариялады


Өтпелі Ирақ үкіметінің төрағасы Айад Аллауидің Бағдадтағы кеңсесі маңында жанпидашыл-лаңкес бүгін жүзеге асырған жарылысты Әбу Мұсаб Әз-Зарқауи бастаған топ өз жауапкершілігіне алды. Одан 10 кісі – 8 полицей мен 2 тұрғын қаза тапты. Интернеттегі ислам сайттарының бірінде Әз-Зарқауидің үндеуі деп берілген аудио-жазбада иорданиялық лаңкес 30 қаңтарда өтетін парламент сайлауына соғыс жариялап, дауыс беруге қатысқан Ирақ азаматтарына қоқан-лоққылық көрсетті. Әлгі дауыстың мәлімдеуінше, АҚШ сайлау өткізу арқылы Ирақтағы билікке шийттерді отырғызбақшы. АҚШ телеарнасы арқылы сөйлеген сөзінде АҚШ елшісі Джон Негропонте “Ирақ әскері мен коалициялық күштер сайлау кезіндегі экстремистердің шабуылдарына төтеп бере алады”, -деп мәлімдеп, бірақ кейбір аудандағы ахуалдың тым күрделі екенін мойындады.
XS
SM
MD
LG