Accessibility links

Айман Мұсақожаева жаңа концерттік маусымға дайындалып жатыр


Қазақстанның хлық әртісі скрипка шебері Айман Мұсақожаева бүгінде өзінің жаңа концерттік маусымына дайындалып жатыр. Ол биыл шетелге өнер сапарын АҚШ-тың Нью-Йорк, Бостон, Вашингтон сияқты қалаларынан бастамақ.

Қазақстан республикасының халық әртісі Айман Мұсақожаеваның есімі тек отанында ғана емес, сонымен бірге шетелде де кеңінен танымал. Техникалық шеберлігі, сан алуан стильдерді терең түсінуі мен оның сырын ұғыну Айманның скрипкасына ерекше дыбысқа ие болуына әсер береді. Музыкадағы жетістіктері үшін Айман Мұсақожаеваға халықаралық шығармашылық академиясының академигі атағы берілген. Сонымен қатар ол ЮНЕСКО ұйымының «Бейбітшілік үшін күрескер әртісі» құрметті атағына ие скрипкашы.

Қазіргі кезде Айман өзінің 2005 жылғы концерттік турнесіне қызу дайындық үстінде. Онымен қоса Айман ақпан айында Америка Құрама Штаттарында өтетін Қазақстан мәдениет күндеріне қатыспақ. Ол туралы Азаттық радиосына Айман Мұсақожаеваның өзі хабарлаған болатын. Америкадағы Қазақстанның мәдениет күндерінен кейін Айман Мұсақожаеваның өзінің жеке концерттік турнесі басталмақ. Американың атақты Карнеги холлы залында белгілі пианист Павел Гилиловпен бірге өнер көрсетпек. Флоридада атақты скрипкашы, композитор Стелла Сунгпенен Флорида орталық университетінде екі концерт беруді жоспарлап отыр.

Ал, қаңтардың 25-і күні Алматы қаласында Айман Мұсақожаеваның қатысуымен үлкен концерт өтеді. Ол өнер кеші Айман мен оның апайы Раиса Мұсақожаеваның бірігіп ұйымдастырған «Exclusive concert» атты циклдык музыка кештерінің алғашқы концерті. Бұл музыкалық абонементтерде қазақстандық дарынды жастармен қоса шетелдік танымал адамдар да өнер көрсетеді. Ал бір жылдық музыкалық абонементке 5 концерт кіреді екен.

Алматыда болатын концертте дарынды жас пианист, халықаралық байқаулардың лауреаты ресейлік Андрей Коробейниковтың орындауында Петр Чайковскийдің «Жыл мезгілдері » фортепианолық циклы орындалады.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG