Accessibility links

Шетелге алғашқы сапары барысында В.Ющенко бүгін ол Кремльде орыс президенті В.Путинмен келіссөз өткізеді


Украина президенті ретінде міндетіне кіріскен күннің ертеңіне В.Ющенко шетелге алғашқы сапарын Ресейден бастап, Мәскеуге келді. Бүгін ол Кремльде орыс президенті В.Путинмен келіссөз өткізеді. Бүгін Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Александр Яковенко екі елдің арасындағы ынтымақтастық бұрынғыдай жақын болып қалады деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, Украина мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты екі елдің тарихы, географиялық жағдайлары мен экономикасы және екі халықтың тағдыры айқындап отыр. Екі жақты қарым-қатынасты дамытудан өзге жол жоқ. Әйтсе де, деп ескертті А.Яковенко, өзара қарым-қатынас - екі ел мен екі халықтың мүддесіне негізделген.
XS
SM
MD
LG