Accessibility links

Ирақтың қауіпсіздік күштері Ә.М.Әз-Зарқауидің жақын екі үзеңгілесін қолға түсірді


Бүгін Ирақтың уақытша үкіметі Әбу Мұсаб Әз-Зарқауидің жақын екі үзеңгілесі – Әбу Умар Әл-Курди деген лақап атымен белгілі Сами Мухаммад Саид Әл-Джаф пен Хамад Мухсин Әд-Дулеймиді қолға түсіргенін хабарлады. Әл-Курди – 32 шабуылға, оның ішінде БҰҰ-ының Ирақтағы өкілі Сержио Вьера ди Мелло мен 20-дан аса кісінің қазасына себеп болған 2003 жылғы қастандыққа жауапты көрінеді. Екіншісі Әз-Зарқауи тобының үгіт-насихат жұмысын жүзеге асырып келген. Әз-Зарқауидің тобы өтпелі Ирақ үкіметінің төрағасы Айад Аллауидің Бағдадтағы кеңсесінің жанында жанпидашыл-лаңкес бүгін іске асырған қастандықты өз мойнына алды. Онда 10 кісі – 8 полицей мен 2 тұрғын мерт болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG