Accessibility links

В.Ющенко Мәскеуге ресми сапары алдында оппозиция лидерін премьер-министр етіп тағайындады


Украина президенті ретінде міндетіне кіріскен В.Ющенко шетелге алғашқы сапары - Мәскеуге ұшары алдында, оның ресми Интернет-парақшасында көрсетілгендей, оппозицияның лидері Юлия Тимошенконы премьер-министр етіп тағайындайтын жарлыққа қол қойған. Оны енді Жоғарғы Рада мақұлдауға тиіс. Ресми сапармен бүгін Мәскеуге келген В.Ющенконың өзі осы уақытта Кремльде орыс президенті В.Путинмен келіссөз өткізуге тиіс. Бүгін Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Александр Яковенко екі елдің арасындағы ынтымақтастық бұрынғыдай жақын болып қалады деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, Украина мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты екі елдің тарихы, географиялық жағдайлары мен экономикасы және екі халықтың тағдыры айқындап отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG