Accessibility links

Демократтар Кондолеза Райстың Мемлекеттік хатшы болуына қарсы


АҚШ Сенатының сейсенбілік отырысында Демократиялық партия мүшелері Райс ханымның баяндамасына шабуыл жасады. Райс ханымды елбасы Буш Мемлекеттік хатшылыққа ұсынып отыр. Сенатор Едвард Кеннеди және басқа да демократтар Буштың Ираққа қарсы ашқан соғысын айыптады. Сәтсіз саясаттың принципті қозғаушысы болған Райс ханымның жаңа қызметке тағайындалуына қарсымыз, деп олар мәлімдесті. Буштың бірінші сайланымдағы Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі ретінде Райс ханым Ираққа соғыс ашуға байланысты Конгреске жалған себептер ұсынды, дейді сенаторлар. Сенатор Марк Дейтон болса Буш әкімшілігі өтірік айтты, деп отыр. Ең соңында екі демократ сенатор Райсты қолдап сөз сөйледі.
XS
SM
MD
LG