Accessibility links

АҚШ әскерилері хабарлағанындай, бүгін сәрсенбіде батыс Ирақтағы Рутбах қаласында АҚШтың бір әскери тікұшағы апатқа кезікті


Тікұшақ Йордания шегара маңайындағы осы қалаға әскери қызметкерлерді алып бара жатқан. Хабарларға қарағанда, тікұшақта болған кемінде 31 адам қаза тапқан.

Сондай-ақ, Киркук қаласында бүгін 2 рет көлік бомбысы жарылып, полиция бекетінде кемінде 7 адам қаза тапты. Ирақтағы сайлау комиссиясының өкілі Фарид Айардың айтуынша, жексенбі күнгі сайлау алдынан қауіпсіздік шаралары қатаңдатылады, бірақ комендаттық сағат жарияланбайды. -Ирақтың барлық аумағында сайлау барысында, ел еркін жүре алады, бірақ кейбір жерлерге көлік жіберілмейді, - дейді комиссия өкілі.

Бұл арада 14 шет елдегі ирақ азаматтары өз дауыстарын бере бастады.
XS
SM
MD
LG