Accessibility links

АҚШ теңіз жаяу әскерінің тікұшағы Ирақта апатқа ұшырады


Оның кесірінен 31 теңіз жаяу әскериі қаза болған. Уашингтондағы баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде АҚШ елбасы Джордж Буш: “Менің білетінім, бұл жағдайды Қорғаныс министрлігі зерттеу үстінде. Қалай болғанда да адам өмірінің қиылуы- аса қайғылы шақ”,- деді. Елдің солтүстігінде Күрдістан демократиялық партиясы кеңсесінің жанында болған көлік жарылысынан 15 адам қаза болып, 30-дайы жарақаттанған. Киркук қаласында көліктегі бомбалық жарылыстан 7 ирақтық қаза болған екен. Буш мырза көтерілісшілердің әрекеттеріне қарамастан, Ирақ азаматтарының дауыс беруін сұрады. Әбу Мұсаб әл-Зарқауи болса, Ирақ сайлаушыларын дауыс беру бекеттерінен алыс жүруге шақырып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG