Accessibility links

Кондолиза Райс ханым бүгін бейсенбіде, АҚШтың жаңа мемлекеттік хатшысы ретіндегі алғашқы жұмыс күнін бастамақ


Райсты кеше сәрсенбіде, Сенатта 83 дауыс қолдап, 13і қарсы болып мақұлдаудан өткеннен кейін,ол АҚ үйдегі жаймашуақ жағдайда, қызметке кірісуіне орай ант берді. Бұл 13 дауыс 1825-жылдан берігі ең көп қарсылық дауысы екен. Демократ оппозициядан жетекші сенатор Эдвард Кеннеди Ирақтағы соғысқа байланысты Кондолиза Райсты сынап сөйледі.

-Доктор Райс бұл жауапты қызметке дұрыс тағайындалмады. Бізге Ирақтағы жағдайды тұрақтандыра алатын, халықаралық қауымдастықпен жақсы жұмыс істеп, қосындарды есен-аман құрметпен елге қайтара алатын, АҚШтың әлемдегі беделін қайта көтере алатын, стратегиясы айқын мемлкеттік хатшы қажет еді. Бірақ Райс ханымның Ирақ жөніндегі жұмысы оны бұл қызметке лайықсыз екендігін көрсетті, - деді Сенатор Кеннеди.

Кондолиза Райс бүгінге дейін президент Буштың ұлттық қауіпсіздік мәслесі бойынша кеңесшісі қызметінде 4в жыл болды.
XS
SM
MD
LG